Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Суботылова Үміт апа 1929 жылы 1 маусымда Павлодар облысы Лебяжье ауданы Корт ауылында (қазіргі Аққулы ауданы Мерғалым ауылы) дүниеге келді. 1986 жылдан бастап дәстүрлі емес емдеу әдістерімен айналыса бастады, алғашқы уақытта жақын адамдары ғана ем қабылдаса, кейінірек Павлодар мен Қазақстанның басқа да аймақтарынан, сонымен қатар Ресей және Германия елдерінен адамдар легі келе бастады. Үміт апа халық арасында үлкен құрметке бөленген. Халық емшісі болып қызмет атқарғанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің лицензиясы мен сертификаты болды. Көзі тірісі кезінде аудан, облыс балалар үйлеріне, Мичурин ЖОББМ, аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп тұрды. Осы еңбектері үшін Павлодар ауданының құрметі тұрғыны атағын да иеленді. Бүгінгі күнде халық жадында емші емдеген адамдардың көптеген әңгімелері бар. Солардың бірі Павлодар облысының тумасы Нелли Павловна Ягнышева ауырып, жатып қалады. Дәрігерлер оған мүгедектік тобын берейін деп жатқанда, жолдасы Үміт апаның алдына алып келеді. Бірнеше сеанстардан кейін Нелли Павловна емделіп, толығымен сауығып кетеді. Алғысы ретінде үш жыл бойы Үміт апаның қасында болып, оған көмекші болады. Кейін оқушысы атанып, «Я иду к тебе, Апа, шаг за шагом» жыр жинағын басылымға шығарады. Үміт апа мазары Павлодар облысы Павлодар ауданы Үміт апа ауылында орналасқан (географиялық координаталар: N52°30'11,17" E76°55'29,91"). Жерлеу құрылысы төртбұрышты формасында, силикатты кірпіштен қаланған. Құрылыс шеттері бағаналармен тұрғызылған, жоғарғы жағында жартыайлар орнатылған. Фасадтың орталық бөлігінде оңтүстік-шығыс жақтан өсімдік тектес оюмен әсемделген металл есік, оның жоғарғы бөлігі қызыл кірпіштермен қаланған екі аркалы және пирамидалық құрылыспен қаланған. Екі жағында жерленгендердің есімдері жазылған граниттік тақтайшалар аркалы етіп жасалған: «Кажы ата және Кажы апа». Әрбір арканың астында жерленгендердің суреттері мешіт пен кесене фонында граниттік тақтайшада қашалған. Мазар қабырғалары өсімдік тектес оюмен әшекейленген, темір қоршаулармен жабылған аркалы әйнектермен салынған. Мазардың ішінде екі жерлеу анықталды. Мазар сырты жабайы тастармен төселген. Мазар аумағы қоршалған, ағаштар отырғызылып, келушілерге орындықтар қойылған. Халық жадында тек жақсы қасиеттерімен сақталған, емі шипа болған көптеген фактілер тіркелді. Библиография: 1.Ж.А. Оралбаев «Қазақстанның құрметті адамдары» 2. А. Касымханова «Шипалы қасиеті Үміт –апаның» 3. Жергілікті аңыздар