Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Қазанғап Сатыбалдыұлы (1771-1856 жж.) – атақты би, оратор, Орта жүз арғынның бөрі-бәсентиін руынан. 1843-1848 жж. Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болып сайланды. Оның жетістіктеріне алғашқылары болып Баянауыл сыртқы округінің ашылуына септігін тигізеді, Ресей әкімшілігі мен жергілікті рубасылар арасында келіссөздер жүргізіп, Қалқаман тұзының сатылуына дамытты, сонымен қатар қайырымдылықпен де айналысты. 1833 жылы патша үкіметі алдыңдағы істері үшін майор шенін алды. Қазанғап би мықты сөз шешені болып елге танылды, сол себепті халық арасында мынандай сөз бар: «Шоң би сөйлегенде, қара арғымақты суға батырады, ал Қазанғап сөйлесе, сол арғымақты судан алып шығады». Оның есімімен келесі топонимдер де байланысты: «Қазанғаптың асуы» (Баянауыл таулы аймағы) және «Қазанғаптың қоралары» (Баянауылға кіре беріс жерде, Төлеу бұлағының маңы). 1856 жылы Қазанғап би Балықшы ауылының зиратында жерленеді (Павлодар облысы Ақсу қаласы Жолқұдық ауылы). Оның көмекшісі Рамазанмен жерлеудің орнында Қызылжар мен Омбы қалаларынан әкелінген ақ күмбезді күйдірілген қызыл кірпіштен салынған кесене тұрғызылды. Сонымен қатар оның жетістіктері көрсетілген ақ мәрмәр тақта орнатылған. Өкінішке орай күмбез бүгінгі күнге дейін сақталмады. 2008 жылдың қазанында Ақсу қаласының Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылында жабайы тастан жасалған естелік стела орнатылды. Географиялық координаталар: N52°22'37,87"E76°41'54,71". Ескерткіш маңайы аббатандырылған, тас орындықтар орнатылып, ақтық байланған ағаш өсіп тұр. Бұл жер өңіріміздің киелі жері болып саналады, үлкен қызығушылық пен танымдық құндылығымызды көрсететін діни мұрамыз болып табылады. Библиография: 1. Тілеке Жеңіс. Шежіре. Ертіс-Баянаула өңірі. – Павлодар: Дауа, Қазақстан, 1995. – 368 б. 2. Жуманова Р.Казангап би Сатыбалдыулы. – Новый путь. – 2017. – 22 сентября. – (№37). - б. 9 3. Ученые и госслужащие из Аксу изучили захоронения Казангапа би и старца Тастеке-ата. http://pavlodarnews.kz/index.php?id=11502