Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

abzhalap-aulie2

 

Киелі жеріміз қаржас-жәдігер руынан шыққан, шын есімі Тышқанбайұлы Жұматай болған қасиетті Әбжалап әулие өмірі мен қызметімен байланысты.  Жергілікті тұрғындардың айтуынша әулие өте шапшаң қозғалған, біреуге көмек қажет болса, оны сезіп, тез арада дұрыс жолды көрсеткен.

         Жерлеу орны Баянауыл ауданы Торайғыр ауылынан батыс - солтүстік -батысқа қарай 27 шақырым жерде орналасқан (географиялық координаттар: N50°55'06,08" E75°15'05,42"). Жерлеу құрылысы төртбұрышты формадағы тас қоршау, биіктігі 0,5 м. Құрылыстың солтүстігінде екі жерлеу белгілері орнатылған: бірі 1973 жылы жасалған, есімі мен руы көрсетілген темірден жасалған тақтайша, екіншісі есімі мен руынан басқа қайтыс болған жылы көрсетілген граниттен жасалған құлпытас. Бұл киелі жер металл қоршаумен қоршалып, солтүстіктен кіру орны жасалған.

         Әбжалап әулие қайтыс болғаннан кейін, оның орны қасиетті жерге айналған, яғни келген табынушылар дұға оқып, жерлеу орнын ақ матамен жабады. Бұл табынудың діни рәсімі осы аймақтың жергілікті тұрғындары арасында кеңінен таралған.               

Ақпарат беруші Дюсекеев Жұмагелды Хасенович, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылы.

abzhalap-aulie1

abzhalap-aulie3

abzhalap-aulie4

abzhalap-aulie5