Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

mogila-zhasybai-batyra2

Жасыбай батыр Өмірұлы – атақты қазақ батыры, елін жоңғарлардан қорғаған қорғаушы. Арғын, бәсентиін руынан. Баянауылда дүниеге келген, халық арасында Олжабай батырдың жиені деп атаған.

XVIII ғ. 30-шы жылдардың аяғы мен 40-шы жылдардың басында Жасыбай батыр Баянауыл тауларынан жоңғарларды қуа бастайды. Батырдың өзі жоңғарлар қолынан қаза табады. Жасыбай батырдың өлімі үшін кек алу уақыты қазіргі Май ауданы Ақшиман ауылынан алыс емес «Серіктас» деген жерде Олжабай батырдың басшылығымен жауларды ойсырата жеңу болып табылады. Бұл жер кейіннен «Қалмаққырған» деп аталып кетеді. Шойынкөл көлінің басында Жасыбай батыр жерленеді, халықтың қалауымен бұл көл Жасыбай көлі деп аталған.

Жасыбай батыр мазары тас үйіндімен салынған, ескерткіш қара мәрмар тастан жасалған.  2005 жылы батыр ұрпақтары сол жерде құлпытас орнатқан. Құлпытастың жоғарғы жағы батырдың суреті көрсетілген, астында: «Жасыбай батыр. XVIII ғасыр» және көненің сөздері келтірілген.

 Жасыбай батырдың батырлығы, ерлігі мен қолбасшылық қасиеттері халық жадында әлі күнге дейін сақталған. Жасыбай батыр өз жері үшін шайқасып, халқы үшін жанын берген. Осындай ерлікті халық мақтан етіп, пір тұтады. Оның жерлеу орны қасиетті деп саналады.          

Библиография:

  1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Сарыарқа тарихы (1, 2, 3 нұсқа) // Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. – 8 т. – 264–290-бб.
  2. Век казахско-джунгарского противостояния / Под. ред. Е.М. Арын, отв. ред. Ж.О. Артыкбаев; сост. Н.Е. Кузембаев. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2006. – 274 с.
  3. Еңсебаев Т.А. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер / бас ред. А. Нухұлы. – Павлодар: Павлоар мемлекеттік педагогикалық институты, 2017. – Т. 1 – 188 б.
  4. Ж. Артықбаев. Баянауыл. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2009. – 312 б.

mogila-zhasybai-batyra1

 

mogila-zhasybai-batyra3

 

mogila-zhasybai-batyra4