Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

tugel-batyr4

Түгел батыр Қошқарбай, Мойнақ, Жазы, Лепес, Өтел, Байсары және Қожаберген батырлармен бірге Ертіс өңірінде жоңғарлармен шайқастарда аты шықты. Жалаулы көлінің маңында үш батыр Түгел, Жазы және Қошқарбай уларын көтеріп, жауға аттанады. Түгел батыр жоңғарлардың мықты батырымен шайқасқа түсіп, оны жеңеді.

Батырға арналған ескерткіш 2003 жылы орнатылып, Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызыл ағаш ауылының маңында орналасқан (географиялық координаталар: N52°53'27,61" E73°36'44,69"). Ол болжам бойынша Түгел батырдың жерлеуі болған Жуантөбе асуында бетоннан жасалған, тігінен стела түрінде орнатылған.  Стелада екі найзасы бар қалқан жасалған және келесі сөздер қашалған: «Бұл жерде сағал қыпшақ ұрпағы Түгел батыр және оның ұрпағы Байсерке абыз жерленген». Оң және сол жақтарда Түгел батырдың ұрпақтарына арналған кішігірім стелалар қойылған. Ескерткіш маңайы темір бағаналармен қоршалған.

Түгел батыр ескерткішінің киелілігі батырдың жоңғарларға қарсы соғыста ерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеттерінде және қазіргі ұрпақтарының батыр бабасының аруағын қастерлеуі болып табылады. Павлодар Ертіс өңірі қазақтары батырды еске алып, келер ұрпаққа үлгі етеді, ас беріліп, ескерткіші басында дұға оқылады.

Түгел батыр ескерткіші Павлодар ертіс өңірінде қазақ-жоңғар шайқастары тарихы бойынша маңызды жерлердің бірі болып табылады.

Библиография:

  1. Жаманбалинов М., Бәделханов А. Түгел батыр және оның ұрпақтары (тарихи аңыздар, шешендiк толғаулар, шежiре-деректер). - Павлодар: ЭКО, 1998. - 121 б.
  2. Еңсебаев Т.А. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер: 2 том – Павлодар: ПМПИ, 2017. – 228 б.

tugel-batyr1

 

tugel-batyr2