Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

yakhit-khaziret-1

Ғабдул Уахит хазірет – Павлодар Ертіс өңірінің діни қызметкері. 1853 жылы дүниеге келген, баласының білімі мен тәрбиесіне мән берген әкесі ұлын ауыл молдасынан оқытады, одан әрі 8 жыл бойы Семей өңірінің мұғалімдерінен білім алады, кейінірек білімін бұдан әрі жетілдіру мақсатында Ғабдул Уахит хазірет 1873 жылы Бұқара қаласындағы «Мир-Араб» медресесіне оқуға түседі. 15-жылдық оқудан кейін 1888 жылы «Хазірет» атағымен бұл оқуын да тәмамдайды. «Хазірет» атағы діни білімнің жоғарғы деңгейін және «Мир-Араб» медресесінің мыңдаған оқушылардың біріне ғана беріледі.  

Туған жерінде Ғабдул Уахит, Темірғали болыстың салып берген мешітінде имам болып қызмет атқарып, ислам дінін уағыздап, балаларға білім берген.  Өмірінің соңғы жылдарында Арбиген ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай «Келдіқыз» деген жерде мешіт салып, өз қызметін одан әрі жалғастырды, 1926 жылы қайтыс болып, осы жерде жерленді.

Ақпарат берушілердің айтуына қарағанда ол ерекше күш иесі болған, адамдарды дұғамен емдеп, болашақты болжаған, мұқтаж адамдарға үнемі көмек қолын созған, осы қасиеттері үшін халық оны әулие санаған. Сонымен қатар тарихшылардың ақпараты бойынша ХХ ғасырдың басында Машһүр Жүсіп Копеев Ғабдул Уахит хазіреттің қонағы болған. Қазіргі күні оның жерленген жері адамдардың тағзым ететін жері болып табылады.

Әулиенің кесенесі Павлодар облысының шығысында Шарбақты ауданында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында орналасқан. Географиялық координаталары N52°01'39.8", E78°43'52.5". 1953 жылы Ғабдул Уахит хазірет жерленген жерінде мазар салынды, бірақ орман өрті көп бөлігін зақымданғандықтан, 2012 жылы жаңадан кесене тұрғызылды. Кесене биіктіктері 9 және 12 метр болатын екі күмбезді. Кесене аумағы аббатандырылған, жолдар жасалып, 50 автокөліктің тұрағы және тікұшақ алаңы бар. Сонымен қатар, келушілерге арналған, барлық жағдайы жасалған қонақ үйі бар. Арбиген ауылынан кесенеге дейін жол бойы ақпараттық тақтайшалар орнатылып, кесене басында шырақшы бар. Ғабдул Уахит хазірет туралы көптеген мәліметтер келтіріп, дұға оқып, келушілерді қарсы алады.

Библиография:

  1. Хасенов Н.Х. Өткенге ұлағат, үмбетке мұрағат. ЭКО, 2005-435 б.
  2. Ақпарат беруші Щарбақты ауданы, Арбиген ауылының тұрғыны.

yakhit-khaziret-2

 

yakhit-khaziret-3