Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

yestai-berkimbayev-2

Естай Беркімбаев – атақты композитор, Қазақ ССР-ның өнер қайраткері, ақын, Қазақстан композиторлар Одағының алғашқы мүшелерінің бірі.

         Өзінің талантын Естай анасынан дарытқан. Оның атасы Байтұлым өз кезінде атақты әнші болған, анасы Күлипа да әдемі дауысымен халық әндерін шебер орындаған. Естай олардан көптеген жыр, дастандар мен толғауларды үйренген. 20 жасында Естай ән шығармашылығының алыптары Біржан сал мен Ақан серілермен кездескен. Бір жыл бойы Естай Біржан салдың жанында болып, 1889 жылы Ақан серінің шәкірті атанады. Екі алыптың өнер мектебі жас ақынға үлкен әсер етті.

Естай қазақ халқының дәстүрлі ән өнерін жалғастырды. Оның «Жай қоңыр», «Наз қоңыр», «Сандуғаш», «Дүние-ай», «Еркем», «Гүлнар», «Қоштасу» әндері бай интонациялық және үлкен шеберлікпен жазылғанының дәлелі. Естай ақынның шынайы махабатына негізделген «Қорлан» әні оған кең танымалдық әкелді.

Естай Беркімбаев тұлғасының киелілігі артына бай музыкалық, поэтикалық және рухани мұра қалдырғаны. Оның мұрасы қазақ халқының діни мәдениеті мен ән дәстүрін байытты. Халықтың сүйіспеншілігіне, құрметіне бөленгендігінің дәлелі қазіргі уақытта оның кесенесінің киелі жерге айналып, тағзым ететін орын болып қалыптасқаны.  

Ақынның зираты Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Муткенов ауылынан шығысқа қарай 4 км жерде орналасқан (географиялық координаттар N52°51'58,80" E76°18'14,80"). Ең алғашқыда осы жерде бесбұрышты жұлдыз бен жарты ай бейнесі салынған құлпытас орнатылған, төмеңгі жағында келесі сөздер жазылған: «Халық ақыны Беркімбайұлы Естай 1874-1946 ж. 72 жасында қайтыс болды. Руы Қанжығалы ішінде Алмашы». Қазіргі уақытта бұл тас кесененің ішінде орналасқан. 1969 жылы зират басында дөңгелек формасындағы стела орнатылған. Жоғарғы жағында ақын бейнесі, төмеңгі жағында лира аспабы, домбыра және өрнек салынған. Стела үш баспалы негізде орнатылған.

Қазіргі уақытта Естай Беркімбаев зиратында силикатты кірпіштен қаланған, төртбұрышты формасында, төрт жағында жарты ай бейнесі орнатылған күмбезді кесене салынған. Алдыңғы жағы үлкен порталмен, кіре берісі аркалы етіп жасалған. Қабырғалары кладкалармен қаланған. Негізгі жасалу материалы гранит. 2018 жылы ақынның 150-жылдық мерейтойына байланысты Естай ақынның кесенесінде жөндеу жұмыстары жасалды, маңайдағы аумақ аббаттандырылды.

Библиография:

  1. Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Павлодарская область. — Алматы: Аруна, 2010 — 600 б.

yestai-berkimbayev-2