Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

mogila-zhumabayuly

Жарылғапберді Жұмабайұлы – атақты қазақтың ақын-композиторы, қазақ музыкалық өнерінде өзіндік із қалдырған тұлға. Біржан сал шығармашылық дәстүрінің мұрагері. Көкшетау, Петропавл, Омбы қалаларында әншілер мен домбырашылардың әндерін естіп, Баянауыл мен Ертісте оларды орындаған. Мықты аңшы, палуан ретінде танымал болған. Жарылғапберді жасы ұлғайған шақта шаруашылыққа ден қояды, дін жолына түседі, қажылыққа барады. Ел арасында «Жарылғапберді қажы» атанады.

Жарылғапберді мұрасының ішінде бізге әлі де бейтаныс дүние – «Жарылғапберді сарыны». Затаевичтің жинағында бұл сарынның төрт түрі бар делінеді. Осылайша оның ғажап әуендері хатқа түсе бастады. Қазіргі уақытта Жарылғапберді Жұмабайұлы әуендерінің сиқырлы күші, киелі мағынасы халық жадында сақталған және оның музыкалық мұрасы зерттеліп, одан әрі жетілдіруде.

Жарылғапберді жерлеуі Баянауыл ауданы Күркелі ауылынан 11 шақырым солтүстік-шығысқа қарай жерде орналасқан. 2012 жылы Жарылғапберді Жұмабайұлының зираты қалпына келтіріліп, ұрпақтары белгітас орнатқан. Географиялық координаталар: N50°23'46,95" E75°46'33,11".

         Бұл объект силикатты кірпіштен қаланған, төртбұрышты формадағы төртқұлақ қоршауымен жасалған. Төрт жақ қабырғасы жарта айлармен тұрғызылған. Алдыңғы фасадында құлпытаста келесі мәтін жазылған:  «Жарылғапберді Жұмабайұлы әнші, ақын, сазгер, қажы Қаржас-сатылған-мәмбет 1851-1914 ж.ж.».

          

Библиография:

  1. Мәшһүр-Жүсіптің қысқаша энциклопедиясы : (өнер адамдары) / А. М. Жақтай, Г. Т. Икласова, К. А. Табирова, А. Т. Тоғызбаева,  Б. Б Смағұлов, Ш. Қ Тұржан. – Павлодар: Кереку, 2010. –  Т.5. – 56 б.
  2. Ж. Артыкбаев. Баянауыл. – Астана: «Фолиант», 2009 – 312 б.

nadgrobnyi-kamen-zhumabayuly