Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

 

zhajau-musa-1

Атақты халық композиторы, ақын, әнші Жаяу Мұса Байжанов Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жасыбай көлінің маңайында 1835 жылы дүниеге келді. Балалық шағынан өнерге жақын болып, халық әндерін жақсы білген. Домбыра, қобыз, сырнай секілді ұлттық аспаптарда шебер ойнаған.

Жаяу Мұсаның әндерінің мазмұны өте терең, әйел адамның қиын тағдыры, тәуелсіздік, әлеуметтік мәселелер, жалпы қоғам өмірі сыни көзқарас, сатира, аңыздар арқылы шебер суреттелген. Оның туындыларында махаббатқа, лирикаға орын бар, олыр көп жанрлы және мағыналы болып табылады.

Жаяу Мұсаның бай рухани музыкалық мұрасы, оның қазіргі қазақ мәдениетінің қалыптасуына ықпалы оның жерлеуін Павлодар облысының киелі жерлері қатарында болуына негіз болды. Жаяу Мұса мұрасын қазақ халқының қастерлеуі, оның мазарына барып дұға оқуы біздің өңіріміздің киелі мәдени элементтеріміздің бірі болып табылады. 

Жаяу Мұса мазары Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мұрынтал ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан (географиялық координаталар N50°17'16,38" E75°05'47,82"). 1972 жылы биіктігі 3 м болатын абылайша типтес кішкентай киіз үй тәрізді жаңадан мазар тұрғызылды. Ол шатырлы күмбезі бар цилиндрлік жерлеу, күмбездің үстінде жарты ай орнатылды. Цилиндрлік негізде Ж.М. Байжановтың барельефі орнатылған, астыңғы жағында ақынның аты мен өмір сүрген жылдары көрсетілген металл платина қойылған. Жерлеу бетондық негізге жасалған металл қоршаумен қоршалған. 

Библиография:

  1. Ақышев Зейтін. «Жаяу Мұса»: Роман. -Алматы: Жазушы, 1990. - 416 б.
  2. Жұбанов А. Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы. − Алматы, 1942. – 235 б.
  3. Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Павлодарская область. — Алматы: Аруна, 2010 — 600 б.

zhajau-musa-2

 

zhajau-musa-3