Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Мұса Шорманов (1819-1884 жж.) – қазақтың әйгілі мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, фольклорист, 1818 ж. Ақкелін тауларының батыс жағында Ащысу өзенінің жағасында дүниеге келген. Қазіргі уақытта осы аумақта Павлодар облысы Баянауыл ауданы Теңдік ауылы орналасады.

Бастапқы білімді Мұса ауылдық молдадан алып, содан кейін орыс тілінде сауатын ашады. Туа біткен көшбасшылық және шебер саясаткер қабілеттері оған тез арада халық басқармасында жоғары лауызымды иеленуге көмектесті.

 1835-1841 жж. Мұса Аккелін болысының басқарушысы, округтік приказдың басқарушысы, 1854-1868 жж. Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, 1868-1884 жж. Батыс-Сібір генерал губернаторлығының кеңесші лауазымында болды.

Әкімшілік қызметімен қатар ол ағарту ісімен айналысқан. Ағартушылықтың жарқын өкілі бола отырып, Павлодарда, Омбыда қазақ балаларына арналған мектептерді ашуға көмектесті және осы жағдай  XIX-XX ғғ. Баянауыл өңірінен қазақ мәдениеті мен ғылым саласында аса көп көрнекті қайраткерлердің шығуына ықпал етуімен байланысты.

Мұса Шорманов қазақтардың дәстүрлі мәдениет пен философияның білгірі бола тұра, этнографиялық материалдардың жинаумен және насихаттаумен айналысып қазақ этнографиясы бойынша бірқатар еңбектерді: "Киргизские народные обычаи" (1871), "О скотоводстве у киргизов Западной Сибири" (1883), "Заметки о киргизах Павлодарского уезда" және т. б. жазып қалтырды.

 Ол көрнекті ғалымдардың Г.Н. Потанин, Н.М. Ядринцев, Н.Ф. Костылецкийдің зерттеулерін  қолдап, сондай-ақ ұлы орыс жазушысы Ф.М. Достоевскиймен таныс болды.

1884 ж. 26 желтоқсанда полковник Мұса Шорманов Омбы қаласында кенеттен қайтыс болды. Оны Ақкелін шатқалындағы зиратта жерледі. Географиялық координаттары N50°38'18,6" E074°47'08,1".

Мұса Шормановтың бастапқы жерлеу құрылысы тік бұрышты тас блоктарынан қапталған және ішінде құлпытас орнатылған қоршаудан құралған. Құлпытастың беткі бөлігінде: «Здесь покоиться прах полковника Мусы Чорманова. 1819-1885» деген жазу бар. Осы ескерткіш 1885 жылы В.А. Свечников шеберімен жасалып, арнайы Екатеренбург қаласынан әкелінді, жаңа кесененің салынуына байланысты бұл ескерткіш тарихи оқиғаның куәсі ретінде алғашқы қалпында сақталды.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асыру аясында және Мұса Шормановтың 200-жылдығына орай "Ертіс - Баян тұлғалары" қоғамдық қорымен Мұса Шормановтың жерлеу орнында ұлытас блоктарынан күмбезді кесенесі салынды. Кесене маңайы аббаттандырылып, жол төселді. Кесенеге баратын жолда Мұса Шорманов өмірінің негізгі кезеңдері мен замандастары ол туралы жазып кеткен нақыл сөздер қашалған граниттік стелалар орнатылды.  

Библиография:

  1. Джаксыбаев С.И. Записки краеведа. Павлодар: ЭКО, 2008.- 240 б.
  2. Иллюстративные коллекции МАЭ как источник историко-этнографических сведений. Электронная библиотека Музея антропологии и этнографии им. Петра Великого (Кунсткамера) РАН.
  3. Ю.Г. Попов. Баян-Аульские страницы: 1826-2006. Санкт-Петербург, 2006 – 28 б.
  4. Рахимов Е.К. Муса Шорманов – общественный, государственный деятель и сследователь традиционной культуры казахов. Автореферат, Томск, 2007 ж.

mogila-musy-shormanova

mogila-musy-shormanova

mogila-musy-shormanova

mogila-musy-shormanova

mogila-musy-shormanova

mogila-musy-shormanova

mogila-musy-shormanova

mogila-musy-shormanova

mogila-musy-shormanova

mogila-musy-shormanova

mogila-musy-shormanova

mogila-musy-shormanova

mogila-musy-shormanova