Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Сұлтанмахмұт Торайғыров – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын және жазушы, демократ, 1893 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді.

     Жазушы ағартушылық-гуманистік идеяларды белсенді түрде дамытты және қазақ поэзиясының  философиялық бағытын  кеңейтті. 1913 жылдан бастап  бірінші қазақ «Айкап» журналында хатшы болып жұмыс істеді және оның алғашқы очерктері де осында жарияланған.

С. Торайғыров 1920 жылы 27 жасында өмірден өте ерте кетіп,  ұзақ өмір сүрмесе де, өз артынан  бай әдеби мұра қалдырды.       

С. Торайғыров Павлодар облысының Баянауыл ауданы - Торайғыр ауылынан 3 км шығысқа  қарай Торайғыр өзенінен солтүстік-шығыста орналасқан  рулық  қыстауында (географиялық координаттары N50°52'23,21" E75°40'41,15") жерленген.

Бастапқы ағаштан салынған жерлеу құрылысы  оның Шоқпыт  әкесімен салынған болатын. 1958 жылы ақынның зиратында құлпытас пен темір қоршауды орнатты. 1975 жылы жаңа беткі қырларында барельеф бар құлпытас орнатылған. Ақының  100-жылдық мерей тойына орай  ұлутас блоктарынан бір кумбезді кесене салынды.

Оның ішінде  ұлутас блоктарынан үш деңгейлі құлпытас орнатылған. Кесененің екі жағынан бір қатармен орнатылған және аттары жақсы оқытылатын: Торайғыр шөбересі  Шоқпыт Бөкетұлы, Шоқпыт анасы Монтай, Торайғыр немересі Ыбырай мен Шоң бидің Кирбасұлы Мұхтар шөбересі үштастар орнатылған.   

Бүгінгі таңда Павлодар қаласында ұлы ақын С. Торайғыров құрметіне ескерткіш орнатылған, оның атымен Павлодар облыстық ғылыми кітапханасы, Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар, Алматы, Астанада т.б. қалаларының көшелері аталған.

Ақынның кесенесіне оның ұрпақтары, қажылық етушілер  мен поэзияның сүйер қауымы құрмет көрсету мақсатымен жиі келетін Баянауылдың киелі жерлерінің бірі болып  табылады.  

Библиография:

  1. Свод памятников истории и культуры Республики Казахстана. Павлодарская область. – Алматы: Аруна, 2010. – 600 б.
  2. Торайғыров С. Алаш ұраны: Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жазушы, 2002. – 156 б.
  3. Дәуір ақыны: Ұлы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналады. «Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық сериясы/ Құраст. Ф.Қ. Бектурбекова. – Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2002. – 255 б.
  4. Торайгыров Сұлтанмахмұт. Стихи // Поэты пяти веков: Казахская поэзия XV начала XX веков. – Алматы: Жазушы, 1993. – б. 267-298.
  5. Торайғыров Сұлтанмахмұт. Асыл сөз: өлеңдер мен дастандар. – Алматы: ҚазАқпарат, 2005. – 117 б.

SMT 1

SMT 2

SMT 3

SMT 4

SMT 5

SMT 6