Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Үкібай би – атақты би, елдің ішкі және сыртқы әлеуметтік-саяси істерін жүргізіп, XIX ғасырдың бірінші жартысында Баянауыл сыртқы округінің негізін қалағандарының бірі. Шоң мен Шорман билердің үзеңгілесі. Ол Баянауыл сыртқы округінің Сатылған-Алтынторы болысын басқарған.

Үкібай би туралы мәліметтерді Баянауыл өңірінің білгірі Мәшһүр Жүсіп Көпеевпен жазылған болатын. Бидің қызметі қазақ құқығының тарихымен байланысты. Үкібай би туралы халық жадында көптеген ақпараттар сақталған, солардың бірі Қарқаралы жерінде мешіттің ашылуы. Аңыз бойынша осы шараға Сарыарқаның барлық белді тұлғалары жиналды, солардың арасында мешіт есігін кім ашады деген дау туады. Тобықтылар пайымдауынша мешітті салған Құнанбай ашу керек, ал қаракесектердің ойынша жер Алшыбай биге тиесілі, сондықтан ол мешіт есігін алғашқы болып ашу қажет. Осы сәтте топ арасынан Үкібай би шығып: «Алланың үйін денесінде еш ақауы жоқ адам ашу керек» - деп, Құраннан бір аят оқып, мешіт есеген өзі ашқан. Себебі Құнанбай бір көзді болса, Алшыбай тазы болған.

Үкібай би кесенесі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Көкдомбақ ауылы маңында орналасқан (географиялық координаталар: N50°47'20,80" E74°59'59,35"). Алғашында мазар саман кірпіштен қаланып, батыс жағында М.Ж. Көпеев биге арнап жазған сөздері қашалған граниттік стела орнатылған:  «Қазаққа аты шыққан шешен-би Үкібай, дүниеге екі айналып келмес деймін». 1951 жылы жерлеу орны металл қоршаумен қоршалған. Бүгінгі күні ескі жерлеудің орнында жаңадан кесене тұрғызылды, силикатты кірпіштен, алтындатылған күмбезімен. Кіре беріс жағы мен әйнектері аркалы етіп, метал торлармен әсемделген. Кесенің алдыңғы жағында тас стеласы орнатылған:  «Үкібай би Найзабекұлы 1778-1856 қаржас-сатылған». Үшбаспалы кесене негізі жабайы тастармен қаланып, металл қоршаумен қоршалған. Екі жағында келушілерге арналған орындықтар қойылған.

           Библиография:

  1. Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер = Древний мир права казахов : материалы, документы и исследования: 10 томдық / [бас.ред. С. З. Зиманов]. - Алматы: Жеті жарғы. - (Мәдени мұра). Т. 9. - 2008. - 568 стр.
  2. Исабай Қ., Үкібай би (1778-1856) / Қ. Исабай//Ақиқат.- 2006.- N1.-41-45 стр.
  3. Жергілікті аңыздар.

mavzolei-ukibai-biya

IMG 3707