Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Жалаулы көлі Павлодар облысы Ертіс және Ақтоғай аудандары шекарасында, Ертіс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 90 км жерде орналасқан. Географиялық координаталар:  N52°51'32,51" E74°02'54,92".

Жалаулы Павлодар облысындағы тұзды көлдердің ең ірілері. Аумағы 144 шаршы километрді алып жатқан Жалаулы көліндегі сапалы тұз қоры 55 миллион тоннаға жететіндігі анықталып отыр.  Сілеті мен Қарасу өзендердің алабында жатқан көл. Теңіз деңгейінен 73 метр биіктікте орналасқан. Көл күрделі кескіндемемен алғанда жалпақ шұңқыр іспетті. Оның түбі орталығына қарай құммен қалыңдайды. Жалаулы көліне Қарасу өзені құяды. Кей жылдары осында қызғылт қоқиқаздың ұялары байқалған. Бұл өз кезегінде аталған құстың осы маңда мекендегенін көрсетеді.

Ел аузындағы аңыз бойынша жоңғар шапқыншылығы кезінде Түгел, Жазы және Қошқарбай батырлар осы көлдің жағасында әр рудың атқа мінер азаматтарынан жасақ жинап, жалау тіккен. Сол себептен көлдің атауы «Жалаулы» атанған екен.

Библиография:

  1. Жаманбалинов М., Бәделханов А. Түгел батыр және оның ұрпақтары (тарихи аңыздар, шешендiк толғаулар, шежiре-деректер). - Павлодар: ЭКО, 1998. - 121 б.
  2. Еңсебаев Т.А. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер: 2 том – Павлодар: ПМПИ, 2017. – 228 б.