Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Малыбай көлі 12,4 км аумақты алып жатыр, Павлодар облысы Аққулы ауданы Малыбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай  9 км жерде орналасқан (географиялық координаталар: N51°37'16,02"E78°22'30,11").

Халық арасында гидронимнің пайда болуы туралы көптеген аңыздар сақталған. Біріншісі осы маңайда көшіп жүрген ру атауымен байланысты, екіншісі батыр есімімен, үшіншісі мал жаюға ыңғайлы бай жайылымдық жерлермен түсіндіріледі.

Төртінші аңыз Малыбай деген бай мен су перісі қызының аянышты махаббатымен ұштастырылады. Антын бұзған Малыбай бүкіл малдарымен суға кетеді, оны сүйген жары құсқа айналып, өз қызметкерлерімен көл жағасына келіп тоқтайды. Сондықтан халық арасында көлге қонған құстарды атуға болмайды деген ырым бар, себебі олардың арасында су перісінің қызы болуы мүмкін.

Библиография:

  1. Ғ. Есім. Ақ өлең-Аққулы мекен - Роман-эссе. Алматы: Атамұра, 2012. -224 б.

        

tinybay