Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Киелі объект Әулиебұлақ  (Ақбура әулиелерінің орны)  Баянауыл ауданының Күркелі ауылдық округінің Ж. Шанин ауылының солтүстік жағында орналасқан. Географиялық координаталар: N50°25'37,65" E75°44'23,95".

Табиғи бұлақты  үш түрлі су көздері нәрлендіреді және осындағы су  өзінің жеке касиеттерімен  ерекшеленеді.  Ақпарат берушілердің айтуынша, қыста бұлақта су қатпайды және оның жағасында жасыл шөп өседі. Аңыз бойынша Әулиебұлақтың суында (Ақбура әулиелердің орны) қасиет бар, ол адамдарды көптеген аурулардан емдеуге қабілетті. Сонымен қатар үлкен қажылық сапарға бару алдында осы жерге келу міндетті рәсім болып саналған.

Объектінің киелілігі  ол  М.Ж. Көпеев  жазбаларында есімдері аталған «Жеті әулиелердің» Ташмағанбет, Төлембек және Жаулыбай, Дансат абыз, касиетті Мұратай, Исабай, Қажы Лекердің  ұлы  осында тұрғаны туралы мәлімет сақталған.

Библиография:

  1. Жаминов Н. История древнего Баянаула, Коктау. Монографическое исследование. Астана – 2005 ж.

Auliebulak akbura1

Auliebulak akbura2