Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

auliebulak-2

Бұлақ Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында орналасқан, өзінің емдік қасиеттерімен танымал. Жергілікті халық бұлақтың шипалығына сеніп, бұлақты қасиетті деп санайды, осыдан оның атауы Әулиебұлақ болып кеткен. Географиялық координаталары: N50°51'38,86" E75°38'22,87".

Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұлақ шипалық қасиеттерге ие және «Байбақы» түріне жататын суырлардың мекені болып табылады. Сондықтан бұлақтың екінші атауы «Байбақы бұлағы». 

Адамдар бұлақ басына барып шөлін қандырады, тілек тілеп, өздерімен бірге су құйып алады. Келушілердің көп болуына байланысты бұлақ маңайы аббатандырылған, қонақжай үйлер мен жолдары жасалған.

Бүгінгі күні Әулиебұлақ жергілікті туризмнің қайнар көзі, жыл сайын осы жерге мыңдаған туристер келіп, бұлағтың шипалы суымен өз денсаулықтарын сауықтырады.

Ақпарат беруші Дюсекеев Жұмагелді Хасенұлы, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылы.    

auliebulak-1

 

auliebulak-3

 

rodnik-sarydayr