Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

ozero-auliekol-1

Әулиекөл көлі Ақкөл-Жайылма көлдер жүйесіне кіреді, әр көктем сайын, су тасыған кезде Өлеңтінің суы Әулиекөлге құйылып, Дуана арқылы қалған сегіз көлді суға толтырады  (Бәсентеиін, Қылдыкөл, Сасықкөл, Өмірзақ, Бозайғыр, Ашыкөл, Көктөбе, Тоққылы). Ақпарат берушілердің айтуына қарағанда көктемгі су тасулардың күштілігі сондай, кіші көлдерден шығып «жайылады» және үлкен «ақ көл» болады. Сондықтан бұл жерді Ақкөл-Жайылма деп атаған.

Әулиекөл көлі тұщы көл болып табылады, жалпы аумағы 7,5 км2. Көлдің ұзындығы 3,7 км, ені 2,9 км, жағалауы 11,4 км. Көл доға тәріздес, жағалаулары төмен. Өлеңтінің солтүстік-батысынан құяды. Әулиекөлдің деңгейі Шідерті көлінен байланысты, орналасқан жері Екібастұз қаласының әкімдігіне қарасты Қаражар ауылы. Географиялық координаталар: N52°11'22,06" E74°46'23,36".

Әулиекөлдің мағынасы «қасиетті көл». Дерек берушілер айтуына қарағанда көлдің емдік қасиеттері бар. Қасиетті сумен түрлі тері ауруларын емдейді, бұл көлде шомылуы адам денсаулығына пайдалы. Осындай қасиеттері үшін жергілікті тұрғындар оны киелі жерге жатқызады.

Библиография:

  1. Смагулов Т.Н., Жанисов А.Т. Акколь-Жайылма мақаласы, 2006 жыл.
  2. Павлодар облысының географиясы. Оқу әдістемесі. Павлодар. - 2001 – 280 б.

ozero-auliekol-2

 

 

 

ozero-auliekol-3