Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

«Алтын төбе» қорғандық жерлеуі Павлодар облысы Железин ауданы, Екишек ауылынан солтүстікке қарай 13,8 км, Жаңа Жұлдыз ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Жерлеу бес жер үйіндісінен, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай тізбектеле орналасқан, диаметрі 21-ден 73 м, биіктігі 0,5-тен 2,5 м.

2018 жылы «Алтын төбе» жерлеуінің қазба жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде архитектурасы қиын культтік-мемориалдық құрылыс зерттелді.

Культтік объектіні салу үшін ежелгі тұрғындар жақсы көріністі қамтамасыз ететін және маусымдық сулардан шайылмайтын биік төбені таңдады.  Құрылыс ежелгі некропольдің территориясында орналасып, орталық бөлікке ие болатын жалпы киелі ансамбльге енгізілді.

Культтік объектінің ішінде тас құрбандық пен діни тағамдар ретінде пайдаланған кесілген, өрттелген жануарлар сүйектері табылды. Тас құрбандықтар Еуразия далаларының ежелгі көшпенділерінің діни тәжірибесімен тығыз байланысты және жерлеу инвентарларында жиі кездеседі, археологиялық әдебиеттерде олардың қолдануына байланысты бірнеше гипотезалар бар, солардың ішіндегі ең танымалы: шөптерді өрттеуге және шылым шегуге арналған құрал, екіншісі – таңбалар салу мақсатында минералды бояуларды үгіту.

Зерттелген құрылыс далалық Ертіс өңірі археологиясында бірінші рет сипатталды, ол Железин ауданы территориясында скиф-сақ әлемінің ежелгі көшпенділерінің көзқарасы мен діни тәжірибесін қалпына келтіруге септігін тигізді. Қорған өлшемдері, құрылыс технологиясы бұл объектінің осы аумақтағы ірі көшпелі қоғамның табынатын жері болғандығын дәлелдейді.  Библиография:

1.Маргарян К. Г., Таиров А.Д. Каменные жертвенники Северного Казахстана// Вестник ЮУрГУ. Серия социально-гуманитарные науки. – Т. 17. №2. 2017. - 26-37 б.

  1. Хабдулина М.К. Храмы-святилища сакской эпохи Северного Казахстана // Религия и система мировоззрений древних и средневековых номадов Евразии. – Алматы, 2016. - 137-148 б.
  2. «Алтын төбе» жерлеуінің археологиялық зерттеулері бойынша есебі. Айлыбаев Т.К., Тушева Е.К., 2018 ж.