Карта сакральных мест Павлодарского Прииртышья

Кемертұз петроглифтері Павлодар облысы Май ауданының қызықты да құпиялы алғашқы қауымдық өнер ескерткіші болып табылады. Павлодар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 км, Көктөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 36 км жерде орналасқан.

Кемертұз көлінің жағасындағы тас суреттер туралы алғашқы ақпаратты біз ХІХ ғасырдың орыс этнографы Н. Коншин жазбаларынан кездестіреміз, оның сөздеріне сүйенсек Жақсы-Қаражан жартасында (қазіргі Май ауданы) адам мен жануарлар бейнесі қашалған тас суреттер кездеседі.

Кемертұз көлінің маңындағы тас суреттер тасқа қашау техникасымен салынған, сюжеттік жоспарда көбінесе жануарлар суреттері кездеседі. Хронологиялық шектері Өлеңті жазбаларымен сійкес келеді, яғни неолит және қола дәуір.

Ескерткіштің киелі мағынасы осы суреттер сол кезде өмір сүрген адамдардың дүниетанымы мен діни көзқарастарын сипатайды.

Библиография:

  1. Еңсебаев Т.А. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер / бас ред. А. Нухұлы. – Павлодар: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2017. – Т. 1 – 228 б.

kemertuz-1

 

kemertuz-2

 

kemertuz-3